БҰҰ: Сириядағы ахуал күрделене түсті

Жұма, 12.01.2018
БҰҰ: Сириядағы ахуал күрделене түсті

Астана. 12 қаңтар. KAZISLAM – Жыл басталған уақыттан бері Сириядағы ахуал айтарлықтай ушыға түсті. Бұл туралы Нью-Йоркте өткен брифингте БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Оның айтуынша, қарулы қақтығыс аймағынан әуе шабуылдарының үдей түскені туралы дабыл хабарлары жиі түсе бастаған. «Сирияда содырлар әрекетінің қараша айынан бастап қарқын алуына қарамастан 31 желтоқсаннан бері жаңа әуе шабуылдары мен елдімекендерді бомбалау байқалады. Оқиға орнынан түскен хабарларда бірнеше елдімекенге әуе соққылары өскені көрсетілген» деді ол.

Еске сала кетсек, желтоқсан айында Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин Сирия территориясынан әскерилерінің негізгі бөлігін шығару туралы бұйрық берді.

РФ Қарулы күштері араб республикасы территорияларында 2015 жылдан бері ДАИШ террористік ұйымына қарсы әскери операциялар жүргізіп келеді. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 62 рет
JoomShaper
Top