Иранда бір тәулікте екі зілзала болды

Жұма, 12.01.2018
Иранда бір тәулікте екі зілзала болды

Астана. 12 қаңтар. KAZISLAM – Иранда тәулік ішінде екі рет жер сілкінісі болды. Тегеран университеті Геофизика институты жанындағы Сейсмологиялық орталық мәліметінше, 5,6 магнитуда көлеміндегі жер дүмпуі Иранның батысында орналасқан Керманшах провинциясында тіркелген.

Жер дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:21-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Ирак шекарасына таяу Сумар қаласында орналасқан. Зілзала ошағы сегіз шақырым тереңдікте жатыр. 

Жер сілкінісі іргелес Ирактың Бағдат, Эрбиле және Сулеймани қалаларында да сезілген. Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман провинциясында тағы да таңғы уақытта 5,1 магнитуда жер дүмпуі болды. Зілзала салдарынан қаза болғандар мен нысандардың бүлінуі туралы ақпараттар әзірге жарияланбады.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 60 рет
JoomShaper
Top