Зағиптарға арналған банкомат іске қосылды

Жұма, 12.01.2018
Зағиптарға арналған банкомат іске қосылды

Астана. 12 қаңтар. KAZISLAM – Біріккен араб әмірлігінің Шаржа әмірлігінде тұңғыш рет көру қабілеті нашар және зағип жандарға арналған «сөйлейтін» банкомат іске қосылды.

Жаңа құрылғы араб және ағылшын тілдерінде және дауысты интерфейсты Брайля үлкен экранымен жабдықталған. Дыбыс динамика арқылы жазылады немесе тығыз байланыс үшін арнаулы құлаққаптар пайдалануға болады. Сондай-ақ, банкоматтың үш бірдей қауіпсіздік камералары бар.

Sharjah Islamic Bank (SIB) ұсынған жаңа банкомат зағип жандарға өзге адамдардың көмегінсіз барлық транзакцияларды орындауына мүмкіндік береді. Құрылғы мүгедек арбасына таңылған жандарға да қызмет көрсетеді.

Банкоматтың ресми ашылу шарасында Sharjah City for Humanitarian Services (SCHS) директоры шейх Джамел бин Мұхаммад әл-Касими әмірлік пен оның іргесіндегі қала типтес елдімекендер мүгедек адамдарға өте қолайлы жағдай жасауға жыл сайын күш салып отырғанын атап өтті.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 63 рет
JoomShaper
Top