Мәдинада ислам өркениеті музейі ашылды

Жұма, 12.01.2018
Мәдинада ислам өркениеті музейі ашылды

Астана. 12 қаңтар. KAZISLAM – Мұсылмандардың қасиетті қаласы Мәдинада тұңғыш ислам өркениетіне арналған жеке музей ашылды, деп хабарлайды Arab News.

Дар әл-Мәдина музейіне келушілер Мұхаммед пайғамбар өмірбаянымен танысып, Мәдина қаласының мәдени және діни тарихына тиесілі сирек жәдігерлерді көре алады.

«Бұл алғашқы Мәдина шаһарының тарихы мен мәдени мұраларына арналған, сондай-ақ Мұхаммед пайғамбарр өмірінен сыр шертетін ірі мамандандырылған музей» дейді мекеме директоры Хасан Тахер.

Айта кету керек, жаңа музей көрме қызметімен қатар, әртүрлі баспа кітаптарын шығарып, ислам тақырыбындағы ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 152 рет
JoomShaper
Top