Саудиялық шенеуніктер террористер түрмесіне жөнелтілді

Жұма, 12.01.2018
Саудиялық шенеуніктер террористер түрмесіне жөнелтілді

Астана. 12 қаңтар. KAZISLAM – Сауд Арабиясында ауқымды жүргізілген жемқорлыққа қарсы кампания барысында тұтқындалған корольдік әулетінің мүшелері, ханзадалар мен шенеуніктер Ritz Carlton бесжұлдызды қонақүйден Рияд қаласының оңтүстігіндегі аса қауіпті қылмыскерлерге арналған әл-Хаир түрмесіне жеткізілді.

Al-Araby Al-Jadeed басылымының мәліметінше, түрмеге 60-қа жуық адам жөнелтілген, оның ішінде Салман корольдің бауыры, әлемнің ең дәулеттілерінің бірі, саудиялық миллиардер, ханзада әл Валид бен Талал, бұрынғы король Абдалла бен Әбдел Әзиз әл-Саудтың ұлы, ханзада Түрки бен Абдалла және бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер бар.

Дегенмен, ресми Рияд жемқорлық бойынша ұсталған шенеуніктердің түрмеге жіберілгені туралы ақпаратты растап немесе терістемеді.

Айта кетсек, әл-Хаир түрмесінде экстремизм мен терроризм бойынша жазасын өтеушілер отырады. Түрме аса қауіпті қылмыскерлерге арналған ең күшейтілген режимдегі мекеме саналады.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 54 рет
JoomShaper
Top