Сирия әскерінің шабуылынан 85 бейбіт тұрғын көз жұмды

Жұма, 12.01.2018
Сирия әскерінің шабуылынан 85 бейбіт тұрғын көз жұмды

Астана. 12 қаңтар. KAZISLAM – Жыл басынан бері Сирия әскерінің шабуылынан Шығыс Гутаның 85 бейбіт тұрғыны мерт болған.

Қаза тапқандар қатарында 30 бала мен 20-дан аса әйел бар. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комиссары Зейд Раад әл-Хусейн хабарлады. Оның айтуынша, аймақтағы тұрғын үйлерге күндіз-түні әуе мен құрлықтан шабуылдар жасалып отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, келісім бойынша Шығыс Гута деэскалация аймақтарының біріне кіреді. Бұл құжатқа үш кепілгер ел – Ресей, Түркия және Иран қол қойған. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 39 рет
JoomShaper
Top