Парсы шығанағында Қазақстан елшілігі ашылады

Бейсенбі, 11.01.2018
Парсы шығанағында Қазақстан елшілігі ашылады

Астана. 11 қаңтар. KAZISLAM – Иран астанасы Тегеранда ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф кездесті. Кездесуде қос тарап Қазақстан-Иран мәселелерін талқылады, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан мен Иранның құны бірнеше жүздеген миллион болатын 21 инвестициялық жоба әзірленіп жатыр. Транспорт пен логистика саласындағы серіктестік Парсы шығанағы маңындағы Бандар-Аббас кемежай қаласында Қазақстанның елшілігінің ашылуына алып келуі мүмкін. Оның үстіне, бұл мәселеге қатысты екі мемлекеттің өзара келісімі бар.

Зария Қазақстанның Иран үшін маңызды серік әрі көрші екенін айтып өтті. Мұнымен қатар, өткен жылы президенттердің іссапарларының арқасында екіжақты қарым-қатынас жақсара түсті.

Келіссөздер кезінде Астанада Сирия мен Таяу Шығысқа қатысты кезекті кездесуде қаралатын мәселелер қозғалып, олардың уақыты белгіленді.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 44 рет
JoomShaper
Top