Назарбаев Сирия бойынша Астана келіссөзінің саяси маңызын атады

Бейсенбі, 11.01.2018
Назарбаев Сирия бойынша Астана келіссөзінің саяси маңызын атады

Астана. 11 қаңтар. KAZISLAM – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сириядағы жағдайды реттеу бойынша 2017 жылы басталған Астана келіссөзінің саяси маңыздылығын мәлімдеді.

«Сириядағы ахуалды реттеу бойынша жаңа механизм саланатын Астана процесінің енгізілуі өткен жылдың саяси өміріндегі маңызды оқиға саналады» деді Президент бүгін Ақордада бірқатар мемлекеттердің елшілеріне сенім грамтоларын тапсыру рәсімінде.

Елбасы бүгінде Қазақстанның халықаралық аренада белсенді екенін, бұл өз кезегінде ғаламдық және аймақтың мәселелерді шешуге үлкен ықпал жасайтынын, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелерін, өркениет диалогын ілгерілетінін атап кетті. «Еліміз ядролық қаруларды таратпау режимін нығайту жөнінде ғаламдық жұмыстар қарсаңында тұр» деді Қазақстан Президенті.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 31 рет
JoomShaper
Top