Қырғыз президенті діни сауаттылықты көтеруді тапсырды

Бейсенбі, 11.01.2018
Қырғыз президенті діни сауаттылықты көтеруді тапсырды

Астана. 11 қаңтар. KAZISLAM – Қырғыз президенті Сауранбай Жиенбеков республиканың Дін істері жөніндегі Мемлекеттік комиссия директоры Зайырбек Эрегошвты қабылдады.

Кездесуде ел президенті әлемде діни ұстанымды қоғамды радикалдандыру және экстремистік, террористік идеяларды тарату мақсатында пайдалану көбейгенін атап кетті. Бұл өз кезегінде Қырғызстанға да үлкен қауіп төндіреді, деп санайды Жиенбеков. 

«Діни сала бойынша халықтың сауаттылық деңгейін көтеру бағытында жұмыстарды күшейту керек, елдегі барлық медреселер мен оқу орындарында бірыңғай бағдарламаны іске асыруды қатаң қадағалау қажет. Мемлекеттік комиссия діни ұйымдармен, Қырғыз мұсылмандары діни басқармасымен, билік органымен барлық өңірлерде байланысты жандандыруы тиіс» деді президент.

Мемлекеттік комиссия директоры Эргешов республика президентіне 2014-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік дін саласындағы саясатының іске асырылуы туралы есеп берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта елдің діни саласын реттеуге бағытталған  заңнамалық базаларды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, Дін істері жөніндегі Мемлекеттік комиссия 2017 жылы діни экстремизмнің алдын алу үшін ел аумағында 500-ден аса тренинг, семинарлар мен халықаралық конференциялар ұйымдастырған. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 56 рет
JoomShaper
Top