Псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров жауапкершілікке тартылды

Сәрсенбі, 10.01.2018
Псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров жауапкершілікке тартылды

Астана. 10 қаңтар. KAZISLAM – Қарағандыда заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Baq.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.

Облыстық Дін істері басқармасының мәлімдеуінше, 2017 жылдың Қазан айында жүргізілген діни сараптама қорытындысы бойынша Қарағанды әкімдігі Дарын Мұбаровтың заңсыз миссионерлік қызметіне қарсы талап-арыз берген болатын. Аталмыш арызға сәйкес, Қарағанды қаласының ауданаралық мамандандырылған соты ҚР Әкімшілік құқыз бұзушылық туралы Кодекстің 490-бабы 3-бөлігі бойынша Дарын Мүбаровты жауапкершілікке тартты. Алайда, уағызшының қорғаушылары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсіріп материалдарды психологиялық және филологиялық сараптамадан өткізу туралы талап жасады.

4 қаңтарда өткен сараптама нәтижесі бойынша облыстық сот ауданаралық соттың шешімін өзгерткен жоқ. Шешімге сәйкес, Мүбаров енді 70 АЕК көлемінде айыппұл және 112348 теңге көлемінде процессуалдық шығындарды төлеуге міндетті.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 271 рет
JoomShaper
Top