БҰҰ рохинья геноцидін мойындады

Бейсенбі, 07.12.2017
БҰҰ рохинья геноцидін мойындады

Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Мьянманың Аракан штатында рохиньялық мұсылмандарға қарсы ондаған жыл бойы жалғасқан қастандық іс-әрекеттерін айыптады.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңестің арнайы отырысында ол бірінші болып Мьянмадағы зорлық-зомбылықтың геноцид екенін мәлімдеді.

«Оларды өлтіруде, зорлық-зомбылық жасауда, дүние-мүліктерін, үйлерін, ауылдарын өртеуде. Осы жағдайларды білген адам мұны геноцид емес дей ала ма?» дейді әл-Хусейн.

Ол жиынға қатысушыларды Аракан штатында мұсылмандарға жасалған қастандықты тоқтату үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 44 рет
JoomShaper
Top