Араб лигасы: Таяу Шығыста бейбіт процесс «өлді»

Бейсенбі, 07.12.2017
Араб лигасы: Таяу Шығыста бейбіт процесс «өлді»

Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – Араб мемлекеттері лигасы жуырда АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімін қатаң сынға алды. 

Араб мемлекеттері лигасы бас хатшысының көмекшісі Хусам Заки телеарнаға берген сұхбатында АҚШ президентінің бұл мәлімдемесінен кейін Таяу Шығыстағы жағдайларды бейбіт реттеу процесі «өлді» деп санауға болатынын айтты.

Ұйым өкілінің сөзінше, Вашингтон тарапынан мұндай қадам «осы өңірдегі барлық палестиналықтар мен арабтардың өшпенділігін көтереді»

Еске салсақ, Иерусалимді Израиль астанасы деп тану және онда Тель-Авивтегі АҚШ елшілігін көшіру туралы шешімді АҚШ президенті жуырда ғана мәлімдеген болатын.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 86 рет
JoomShaper
Top