Түркия рохиньялық балаларға ойын алаңын тұрғызды

Бейсенбі, 07.12.2017
Түркия рохиньялық балаларға ойын алаңын тұрғызды

Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – Түркияның гуманитарлық көмек көрсету мемлекеттік агенттігі (TIKA) Бангладештегі рохиньялық балаларға ойын-сауық паркін салып берді. Сондай-ақ, парк маңында заманауи асхана да ашылды.

Мұнда балалар атракционы, әткеншектер, футбол алаңдары бар. Парк жобасын TIKA тапсырысымен Бангладеш сәулетшілері қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен технологияларын қолданып жасаған.

Айта кету керек, Түркия Мьянмадан Бангладешке бас сауғалап келген рохиньялық мұсылман қауымына ерекше қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күнге дейін Мьянманың Аракан штатынан 700 мыңнан аса босқын Бангладешке қоныс аударған. Ал жас балалар осы босқындар көлемінің  55%-ын құрайды. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 42 рет
JoomShaper
Top