Ермекбаев: Дін негізінде саяси партия құруға талпынғандар болды

Бейсенбі, 07.12.2017
Ермекбаев: Дін негізінде саяси партия құруға талпынғандар болды

Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – Елімізде дінді саяси мақсаттарда пайдалану үшін әрекеттер де жасалған. Бұл туралы Сенаттағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын іске асыру барысына арналған дөңгелек үстелде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында діншілдікке жол ашылғанына тоқталған министр, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы Заң дінді насихаттауға шексіз мүмкіндіктер берген. Мәселен, ол кезде діни бірлестік құру үшін он адам жеткілікті болатын» деді.

Министрдің айтуынша, жиырма жылдың ішінде діни ұйымдардың саны 7 есеге артты. Шетелдік миссионерлердің ықпалы күшейді. Заңсыз діни қызметтің көрсеткіштері жыл сайын өсіп отырды.  Радикалды исламның алғашқы өкілдері пайда бола бастады. Конфессиялар арасында қарама-қайшы бақталастық күшейе түсті.  Өз дінін күштеп таңу фактілері жиілеп кетті.

«Тіпті дінді саяси мақсаттарда пайдалану үшін әрекеттер де жасалды. Мысал үшін ислам негізінде саяси партия құруға ниеттенді бір топ азаматтар. Осындай жағдайларда 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заң қабылданды. Бұл Заң діни қызметті құқықтық реттеудің бірқатар маңызды аспектілерін белгілеп берді.  Діни салада негативті көріністердің мүмкіндіктерін шектеп, діни қызмет процестерін бір тәртіпке келтірді» деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 78 рет
JoomShaper
Top