Жасанды интеллект қажылық процесін үйлестіреді

Бейсенбі, 07.12.2017
Жасанды интеллект қажылық процесін үйлестіреді

Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – Сауд Арабиясы билігі қажылық рәсімінде қажылардың қауіпсіздігі мен қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында жасанды интеллект арқылы дайындалған алгоритмді қолданатын болады, деп хабарлайды Arab News.

«Басқарма үкіметпен, қауіпсіздік қызметімен және ғылым орталықтармен Қағба маңындағы қажылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды енгізуде тығыз жұмыс жүргізеді» дейді ведомство өкілі Фарес бен Файез Мулла.

Технология жобасы авторларының айтуынша, Қағба айналасы виртуалды секторларға теңдей бөлінген, оның әрбіріне қозғалыс және адам көлемі, уақыты белгіленген. Ал жасанды интеллект қозғалысты реттеп, адам көлемін тұрақтандырудың оңтайлы шешімдерін шығаратын болады. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 35 рет
JoomShaper
Top