Йемен астанасында қарулы қақтығыс болды

Бейсенбі, 07.12.2017
Йемен астанасында қарулы қақтығыс болды

Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – Йемен астанасы Сана қаласында қарулы қақтығыс болып, салдарынан кемінде 234 адам қаза тапты, 400-ге жуық адам жараланды. Бұл туралы Қызыл крест халықаралық комитеті мәлімдеді.

«Біз уақиға салдарынан 400-ге жуық адамның жарақаттанғанын, 234 адамның көз жұмғанын тіркедік» деп хабарлады комитеттің баспасөз хатшысы Сумайя Бельтифа.

Қарулы қақтығыс хуситтер мен қаза тапқан экс-президент Әли Абдулла Салехтың жақтастары арасында орын алған.

Еске салсақ, экс-президент өткен сенбі күні халыққа үндеу жасап, йемендіктердің анархия мен хуситтердің банидттік іс-әрекеттерінен шаршағанын мәлімдеген еді. Ол сондай-ақ, өзінің қарсыласы – Сауд Арабиясы мен БАӘ жетекшілік ететін коалицияны да бейбітшілікке шақырды. Салех оларды бауыр санайтынын айтып, агрессия мен блокаданы шешуді, шиеленісті тоқтатуды өтінген еді.

Алайда, хуситтер экс-президент жақтастарымен соғысты жалғастырып, Әл Абдулла Салехті өлтіріп, жаңа «азаматтық соғысқа» көрсетті.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 44 рет
JoomShaper
Top