«ДАИШ идеологиясы Сауд Арабиясынан тарайды»

Бейсенбі, 07.12.2017
«ДАИШ идеологиясы Сауд Арабиясынан тарайды»

Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – ДАИШ террористік ұйымының радикалды идеологиясы Сауд Арабиясында, деп мәлімдеді Иран республикасы Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алаэддин Боруджери.

«Ислам сөзі бейбітшілікті, тыныштықты білдіреді. Біз экстремизмге қарсымыз, исламды экстремизм деп санамаймыз. Ислам адамдарды өлтіруге, өртеуге, басын кесуге жол бермейді. Ал «Ислам мемлекеті» аталып жүрген террорлық ұйым исламның бейнесі емес, олардың істеген әрекеттері ислам атына күйе жағады. Ақиқатында, бұл идеологияның орталығы – Сауд Арабиясы» деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, осы идеология радикалды ағымдар арқылы Пәкістанға, Еуропаға және басқа да әлем елдеріне экспортталған. «Егер біз бұл мәселен түбегейлі шешкіміз келсе аса жіті көңіл бөлуіміз керек» деді А.Боруджерди.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 50 рет
JoomShaper
Top