Дін істері комитетінің төрағасы тағайындалды

Дүйсенбі, 04.12.2017
Дін істері комитетінің төрағасы тағайындалды

Астана. 4 желтоқсан. KAZISLAM – Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына Онғарбаев Еркін Әнуарұлы тағайындалды.

Еркін Әнуарұлы мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғары оқу орындарында түрлі лауазымдарды иеленді. 2007 – 2010 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің басқарушы директоры, «Астана» университетінің ректоры, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры болып жұмыс істеді.

2017 жылдың шілде айынан бері Е. Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Заң ғылымының докторы, «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 538 рет
JoomShaper
Top