Қадыров Тайсонмен кездесті (ВИДЕО)

Дүйсенбі, 04.12.2017
Қадыров Тайсонмен кездесті (ВИДЕО)

Астана. 4 желтоқсан. KAZISLAM – Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров әлемге танымал америкалық боксшы Майк Тайсонмен кездесті. Кездесу Шешенстан астанасы Грозныйда өтті.

Қадыров белгілі боксшыны ислам дінін қабылдағаннан кейінгі есімі Мәлік Әбдул Әзиз есімімен атады. «Жуырда керемет кездесу болды. Біз бокс туралы, оның бүгінгі даму деңгейі жайында көп әңгімелестік, он екі жыл бұрынғы кездесуіміз туралы еске алдық. Майк Тайсон үлкен бокс спортын тастағанымен, әлемде оның танымалдығы мен сый-құрметі азайған емес. Біз де достығымыздың бұдан ары жалғасатынына сенім білдіреміз» дейді Қадыров.

Еске сала кетсек, Майк Тайсонның спорт тарихында 50 жеңіс және 6 жеңіліс жазылған. 1986 жылы ол ең жас әлем чемпионы атанды. Тайсон – Халықаралық бокс федерациясы, Әлемдік бокс кеңесі және Әлемдік бокс ассоциациясы нұсқалары бойынша әлемнің ауыр салмақтағы абсолютті чемпионы. Ол ислам дінін 1992 жылы қабылдаған.


Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 404 рет
JoomShaper
Top