Мәулен Әшімбаев: Халықтың діни сауатын арттыру керек

Бейсенбі, 30.11.2017
Мәулен Әшімбаев: Халықтың діни сауатын арттыру керек

Астана. 30 қараша. KAZISLAM – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан дінтанушыларының VII форумында халықтың діни сауатын білім институттары арқылы арттыруға шақырды.

«Халықтың діни сауатын арттыру бағытында жұмыс істеу керек. Бұл менің түсінігімде – негізгі міндет. Халықтың діни сауаттылығын білім жүйелері арқылы көтермейінше мәселені стратегиялық түрде ешбір кампания, ұран, брошюралар, сұхбаттар шеше алмайды» деді М.Әшімбаев.

Оның айтуынша, осы саладағы мұғалімдер оқушылар мен студенттерге білім беретін болғандықтан тәжірибелі болуы тиіс. «Бұл – мектептер мен жоғары оқы орындары. Мұнда тиісті әдістемелерге негізделген тиімді дұрыс жұмыс жүйесі құрылуы қажет. Студенттерді оқыту үшін білікті, дайындығы жоғары мұғалімдер болуы керек. Тек теориялық білім беру қабілеті ғана емес, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған мекемелер мен ұйымдарда тәжірибе жинаған болуы маңызды» деп атап өтті депутат.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 359 рет
JoomShaper
Top