Хьюстон мұсылмандарының көрікті мешіті бар (ФОТО)

Сәрсенбі, 29.11.2017
Хьюстон мұсылмандарының көрікті мешіті бар (ФОТО)

Астана. 29 қараша. KAZISLAM – Хьюстон – АҚШ-тағы ең мультимәдениетті қаланың бірі. Мұнда мұсылман қауымы көп шоғырланған.

Бұл қаладағы мұсылман қауымы әртүрлі ұлттар мен кәсіп өкілдері жиі бас қосатын үлкен және заманауи ислам орталығына ие. Мұнда қарапайым жұмысшыдан бастап, дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер мен мұнай және газ компаниялар қызметкерлері құлшылық жасайды.

Айта кетсек, «Ислам дағуаты орталығы» әуел баста 1928 жылы банк ғимараты ретінде негізі қаланған. 1994 жылы белгілі баскетболшы Хаким Оладжувон ғимаратты сатып алып, мешітке айналдырды.

Мәрмәр еден, табиғи тастардан жасалған интерьер, әдемі кілем күн сайын келуші халықтың көзін қуантады. Мешіт ғимаратында музей және мол қоры бар кітапхана бар.

Ислам орталығының директоры Әмір Әбухалимнің айтуынша, мешіттің миссиясы өзге конфессиялармен өзара түсіністікті нығайту және диалог орнату. «Бізде мұнда әрқашан бейбіт көзқарас бар. Рухани дамуға, ойлануға және құлшылық жасауға жағдай жасалған» дейді ол.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 44 рет
JoomShaper
Top