Сирияда екі жаңа соғыс басталуы мүмкін

Сәрсенбі, 15.11.2017
Сирияда екі жаңа соғыс басталуы мүмкін

Астана. 15 қараша. KAZISLAM – Сириядағы ДАИШ халықаралық террористік ұйымын түбегейлі жою уақыты таяған тұста тағы екі жаңа соғыстың оты тұтануы мүмкін. Бұл туралы Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерін зерттеу орталығы директоры Семен Бағдасаров мәлімдеді.

Орталық директорының айтуынша, жаңа қарулы қақтығыс Дамаск пен Ракка, Иран мен Израиль арасында басталуы мүмкін. Сарапшы қазіргі уақытта Ракка қаласындағы Сирия демократиялық қарулы күштері бақылайтын территорияда АҚШ-тің бірнеше ондаған әскери нысандары бар және олар бұл жерден әзірге шығып кетуі екіталай екенін еске салды. Бұдан бөлек, сарапшы пайымынша, Сирия Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыс алаңына айналуы да ықтимал.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 517 рет
JoomShaper
Top