Психикалық ауытқушылығы бар азаматтар әскерге алынады

Сейсенбі, 14.11.2017
Психикалық ауытқушылығы бар азаматтар әскерге алынады

Астана. 14 қараша. KAZISLAM – Психикалық ауытқушылығы бар азаматтарды әскерге алуға салынған тыйым күшін жойды. АҚШ билігі өз әскерилеріне салынған бұл тыйымды алып тастады, деп хабарлайды USA Today.

Басылым мәліметінше, енді АҚШ әскерінде өз-өздеріне әртүрлі дәрежеде зиян келтірген (суицидтен басқа), психикалық дертке шалдыққандар, мәселен, депрессия, нашақорлық пен маскүнемдікке тәуелді адамдар қызмет ете алады.

Кей ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл шешім террористік ұйымдарға қарсы күресті күшейту үшін америкалық биліктің 2018 жылдың қыркүйегіне дейін әскер қатарын 80 мың сарбазбен толықтыру мақсатында қабылданған болуы мүмкін. Еске салсақ, 2009 жылы АҚШ әскеріне өз-өзін өлтіруге бейіл адамдарды алуға салынған тыйым күшін жойды.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 44 рет
JoomShaper
Top