Бангладеште босқындар көбейді

Сейсенбі, 14.11.2017
Бангладеште босқындар көбейді

Астана. 14 қараша. KAZISLAM – Мьянмадағы әскерилердің зорлық-зомбылығынан қашқан мұсылман рохиньялықтар Бангладешке толассыз келуде. Қазірде олардың саны 826 мыңға жетті, деп мәлімдеді Миграция жөніндегі халықаралық ұйым баспасөз хатшысы Джоэль Миллман.

Оның айтуынша, 25 тамыздан бері Мьянманың Аракан штатынан қашып Бангладештің Кокс-Базар қаласына келген босқындар саны 613 мыңға жеткен. Ол босқындарға гуманитарлық көмекті жеткізуге климаттық жағдайлар мен босқындар лагерінің орналасуы кедергі келтіріп отырғанын жеткізді. Жергілікті өңірдегі жол қауіпсіздігінің болмауы босқындар мен балаларға да қауіп тудырып отыр. Халықаралық ұйым қазан айында «Балухали» босқындар лагеріндегі 50 мың адамға көмек жеткізу үшін 850 метр жол төсеген.

Еске салсақ, 1970 жылдан бері рохиньялық мұсылмандар Мьянмада жүйелі түрде қысымға ұшырап келеді. Қазіргі кезде Мьянмадағы мұсылмандардың 80 пайызы, яғни 2 миллионы өзге елдерден пана тапқан.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 20 рет
JoomShaper
Top