Ердоған Астана процесіне баға берді

Сейсенбі, 14.11.2017
Ердоған Астана процесіне баға берді

Астана. 14 қараша. KAZISLAM – «Астанадағы келіссөздер, Сирияда атыс-шабыссыз аймақтар құру жөніндегі келісімдер бұл елде қантөгістің азаюына үлес қосты». Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл мəлімдемені Ресей басшысы Владимир Путинмен Мəскеудегі кездесуден кейін жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

Режеп Ердоған Астанадағы келіссөздер қантөгістің азаюына зор үлес қосты деп есептейді.

«Біз аймақтық жəне халықаралық мəселелерді талқыладық. Бұл, əсіресе, Сириядағы соңғы оқиғаларға байланысты. Астанадағы кездесулер жəне деэскалация аймақтары бұл ауданда қантөгіс азаюына айтарлықтай үлес қосты деп санаймыз» деді Режеп Тайып Ердоған.

Түркия басшысының пікірінше, қазіргі уақытта Сириядағы кризисті саяси жолмен реттеуге негіз пайда болды.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 19 рет
JoomShaper
Top