«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды

Сейсенбі, 14.11.2017
«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды

Астана. 14 қараша. KAZISLAM – «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы адамдарды жұмысқа орналастырып, кәсіп ашуды үйретті. Жат ағымның жетегінде жүрген адамдар дәстүрлі дінге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының бас прокуроры Марат Қайыбжанов «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланғанын хабарлады. Бұл жолы құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік пен сарапшы, теологтар Ақтөбенің 8 ауданында жұмыс істеді. Олар 50-ден астам ауылды аралап, 80 мыңнан астам адамды қамтыды. Түсіндіру жұмыстары кезінде арнайы 9 теолог шақырылды. Жоба кезінде Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы мешітті жөндеу үшін 7,5 миллион теңге қажет екені анықталды. Сонымен қатар, екі мешітте жұмыс істейтін имамның жалақысы көтеріліп, ауылдың екі мешітіне имам тағайындалды.

Облыстық прокуратура мәліметінше, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы кезінде ауыл әкімдері тиімді кәсіп көздерін үйренді. Себебі, кез келген әкім алдына келген ауыл тұрғынына жаңа бизнес жоспарды ұсына білуі шарт.

«Қаржы институттары арқылы 184 миллион теңгеден аса қаржы бөлінді. Ал 113 адам «Бизнес бастау» курсында білімін жетілдіріп, «Бизнес кеңесшісі» курсын тәмамдады. Мәселен, Байғанин техникалық колледжінде аспаз, тігінші, шаштараз мамандықтары бойынша 2 айлық курс ашылып, 15 адам оқытылды. Жобаның әлеуметтік қолдау бағыты бойынша 200-ден аса адам жұмысқа орналасып, балаларға жәрдемақы тағайындалды. Білікті дәрігерлер 600-ден астам адамға ем жүргізді. Оқушылар сауықтыру орталығына жолдама алып, ем-домды қажет ететін ауыл адамдар Ақтөбедегі ауруханаларға жіберілді. Мүгедектерге көмекші беріліп, «Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы кезінде 180 ауыл тұрғыны мен аз қамтылған отбасыға материалдық көмек берілді» деді Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 23 рет
JoomShaper
Top