Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Сейсенбі, 14.11.2017
Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 14 қараша. KAZISLAM –  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы бүгін Иранның батысындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін» делінген жеделхатта.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 22 рет
JoomShaper
Top