Түркия рохиньялықтарға 24 мың үй салады

Дүйсенбі, 13.11.2017
Түркия рохиньялықтарға 24 мың үй салады

Астана. 13 қараша. KAZISLAM – Түркия діни қоры (TDV) Бангладешті паналаған рохиньялық мұсылмандарға арнап 24 мың үй салуды жоспарлайды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Қор директоры Мұстафа Туткунның айтуынша, қазіргі кезде TDV Мьянманың Аракан штатынан келген 150 мыңға жуық мұсылманға гуманитарлық көмек көрсеткен.

«Түркия Бангладеш билігінен тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу туралы ұсыныс жіберді. Әзірге жоба ресми жауап алған жоқ, бірақ жер учаскесі бөлінді» дейді Мұстафа.

Қазіргі уақытта бұл жер учаскесінде 600 отбасы орналастырылған уақытша шатырлар бар. Құрылысты инфрақұрылымдық жұмыстар  мен 13 шақырым жол салынғаннан кейін бастау жоспарланған.

«Құрылыс жұмыстарын сәуір айының басында бастауды көздеп отырмыз. Жергілікті тұрғындар болашақ қалашықтың атауын да (Türk Tepesi – Түрік төбесі) ойластырып қойды» дейді TDV директоры Мұстафа Туткун.

Айта кетсек, Түрік діни қоры Мьянманың Аракан штатында 2012 жылы дағдарыс басталған уақыттан бері гуманитарлық жобаларды іске асырып, әсіресе, ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге көмектесіп келеді. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 271 рет
JoomShaper
Top