Қардауи: Үммет өз ұлылығына оралуы тиіс

Сәрсенбі, 08.11.2017
Қардауи: Үммет өз ұлылығына оралуы тиіс

Астана. 8 қараша. KAZISLAM – «Ислам діні Араб жартыаралынан Қытайға дейін, Самарқандтан Үнді континентіне, Азиядан Еуропаға дейін қысқа мерзімде кең тарады. Біздің ендігі міндетіміз мұсылман үмметінің дәуірлеп тұрған кезіндегі абыройын қайта көтеру. Бұл – біздің үмметке уәдеміз» деді белгілі шейх Юсуф әл-Қардауи Стамбул қаласында өткен әлемдік жиын мінберінде.

Шейх Қардауи Түркия астанасында ұйымдастырылған Әлемдік мұсылман ғалымдары одағының конференциясында баяндама жасады. Өз сөзінде ол мұсылман үмметінің негізгі мәселелерін шешу ислам ғалымдарының міндеті екенін атап көрсетті. Ғалым барша мұсылман халқын әртүрлі келіспеушіліктерді тоқтатып, ислам негізіне шоғырлануы қажеттігін айтты. Осыған орай ол Мұхаммед пайғамбар барша әлемге, барша адамзатқа мейірім ретінде жіберілгенін еске салды.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 618 рет
JoomShaper
Top