Әйелдер үшін ең қауіпті қала анықталды

Сәрсенбі, 18.10.2017
Әйелдер үшін ең қауіпті қала анықталды

Астана. 18 қазан. KAZISLAM – Каир қаласы әйелдер үшін ең қауіпті мегаполис деп танылды. Thomson Reuters Foundation ұйымының рейтингінде 10 миллионнан астам тұрғыны бар Мысыр астанасы нәзік жандылар үшін қауіпті қала ретінде көш бастады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Тізімге әлемнің 19 ірі қаласы енген. Арнайы мамандар осы қалалардағы сарапшылардың пікірімен санасып, зерттеу жүргізген. Олар қалаларда әйелдер өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетіндігіне талдау жасаған.

Каир әйелдерге сексуалдық күш көрсету бойынша тізімнің басына шықты. Бұл қалада мереке күндері немесе халық көп жиналған жерлерде әйелдерге қатысты күштеу, зорлау оқиғалары жиі орын алатын көрінеді. Оған тіпті әйелдердің «исламдық дресс-код» – жабық киімдер мен басына хиджаб жамылғысы да көмектесе алмай келеді. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 390 рет
JoomShaper
Top