Мектеп оқушысы әлемдік ғылыми феноменге жауап берді

Бейсенбі, 12.10.2017
Мектеп оқушысы әлемдік ғылыми феноменге жауап берді

Астана. 12 қазан. KAZISLAM – Пәкістандық он жеті жасар Мұхаммед Шахир Ниази «электрлі шикізаттың» қалыптасу механизмі туралы электродинамика мәселесін шешіп берді. Ғылыми феномен бұрыннан мәлім, алайда бұған дейін ғалымдар оның түсіндірмесін бере алмай келген болатын.

2016 жылы ол халықаралық жас физиктер турнирінде май және электродпен тәжірибе жүргізіп тұрып оның басына майдың бетінен жылу шығаратынын камераға түсіру арқылы, иондануына қарай жүйе энергиясының өзгеруін анықтауға болатын керемет идея келеді. Содан кейін жас физик ұяшықтық құрылымын жылу шығаратын камераға түсіріп алып, сұйықтықта зарядтың таралуы жүйенің ішкі энергиясын қалай көтеретінін көрсеткен.

Осылайша, иондармен қанықтырылған зарядтар болмағанда көпжақты құрылымның пайда болмайтынын мұсылман дәлелдеді. Ендеше сұйықтық бетінде иондардың жүзуі «электрлі шикізаттың» қалыптасуын түсіндіреді.

Ниази жұмысының нәтижесі беделді ғылыми журналда жарияланды. Мектеп оқушысы зерттеулерін жалғастыра беруге ниетті, сондай-ақ, Нобель сыйлығын алуды да армандайды.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 72 рет
JoomShaper
Top