Сауд Арабиясында экстремист имамдар қызметтен аластатылды

Бейсенбі, 12.10.2017
Сауд Арабиясында экстремист имамдар қызметтен аластатылды

Астана. 12 қазан. KAZISLAM –  Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Адель Джубейр мыңға жуық имам экстремизм күдігі бойынша қызметтен аластатылғанын хабарлады.

«Біз өшпенділік идеологиясын немесе терроризм идеологиясын таратуға, қаржыландыруға жол бермейміз» деді министр. Ол қазіргі уақытта Сауд Арабиясында діни мазмұндағы мәтіндерді теріс ұғынудың алдын алу үшін білім жүйесі жаңғыртылып жатқанын жеткізді.

Корольдікте енді имамдар айтқан уағыздарына аса сақ болуы талап етіледі. Еске салсақ, жуырда Сауд Арабиясында әлемге белгілі шейх Салман аль-Ауда қамауға алынды. Дегенмен, бұл шейх өшпенділікті насихаттағаны үшін емес, Сауд Арабиясы мен Катар мұсылмандарын бірлікке шақырғаны үшін ұсталған.

Сондай-ақ, өз уақытында Салман аль-Ауда бұқараға сыни үндеу жасауымен және Усама бен Ладенге өсиет айтуымен де танылған. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 47 рет
JoomShaper
Top