АҚШ мешітінде «Ашық есік күні» өтеді

Бейсенбі, 12.10.2017
АҚШ мешітінде «Ашық есік күні» өтеді

Астана. 12 қазан. KAZISLAM –  Иллинойс штаты Нейпервилль қаласындағы ислам орталығы көршілер мен өзге дін өкілдеріне «Мешіттегі ашық есік күнін» өткізеді.

«Ашық есік күні» алдағы жексенбі, 15 қазан күні өтеді. Нейпервилль ислам орталығы аталмыш шараны осымен бесінші рет ұйымдастырып отыр, деп жазады Daily Herald.

Мешіттің Қоғаммен байланыс комитетінің төрағасы Юсуф Сиддиктың айтуынша, шараның басты мақсаты – ислам діні мен мұсылмандарға қызығушылық танытушылардың барлығына, сондай-ақ мешітке өздігімен келуге бата алмай жүрген барша азаматтарға мүмкіндік беру.

Ашық есік күні мешіт бойынша экскурсия және ислам діні тақырыбында дәрістер сағат 11-ден кешкі сағат 5-ке дейін жалғасады. Мешіт қонақтары осы уақыт аралығында имамдармен әңгімелесіп, ұжымдық намазға куә болып, сондай-ақ, қыз-келіншектер тобы мұсылман әйелдерінің киім үлгілерін көруіне болады.

Нейпервилль мұсылман қауымдастығы аталмыш шарадан соң қала тұрғындары әртүрлі ақпарат құралдарында теріс көрсетіліп жүрген исламофобиялық түсініктерден арылып шығатынына сенім білдіреді. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 37 рет
JoomShaper
Top