Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы дәрілік шөпті тапты

Бейсенбі, 12.10.2017
Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы дәрілік шөпті тапты

Астана. 12 қазан. KAZISLAM –  Сауд Арабиясында Абдулла король атындағы ғылыми-технологиялық университет ғалымдары қатерлі ісікке қарсы емдік қасиеті бар 3 түрлі өсімдікті анықтады.

Аталмыш өсімдіктер цитотоксикалық, яғни тірі жасушаларға арналған және бірқатар ауруларға қарсы қолдануға болады. Ғалымдар қатерлі ісікті емдеудің қолжетімді жолдарын қарастыра келе осы өсімдіктердің бірінен жасушалардың өсіп кетуінің алдын алуға тигізер әсерін зерттеді.

Зерттеушілер өз жұмыстары барысында химиялық қосындылар жасушалардың бөлініп жайылу процесінде маңызды рөл атқаратын ферменттердің белсенділігін төмендете алатынын анықтады. 52 өсімдіктің биологиялық құрамын зерттеген мамандар үш өсімдікке тоқталды. Бұл өсімдіктерге жүргізілген тәжірибелер жасушалардың бақылаусыз көбеюіне тосқауыл қоятыны белгілі болды. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 58 рет
JoomShaper
Top