«Таза дін – ел болашағы»

Бейсенбі, 12.10.2017
«Таза дін – ел болашағы»

Астана. 12 қазан. KAZISLAM – Талдықорған қаласында басталған «Таза дін – ел болашағы» атты керуені Ұйғыр, Панфилов және Райымбек аудандарында жалғасын тапты.

Кездесу кезінде шараға қатысушы теолог-ғалымдар, мәдениет қайраткерлері тұрғындарға халық дәстүрлерін сақтау мен нығайтудың, ғасырлармен жеткен әдет-ғұрыптарды келешек ұрпаққа жеткізудің маңызы туралы баяндады.

Облыстың Дін істері басқармасының жетекшісі Рахмет Есдәулетов «Рухани керуен» жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынғанын атап кетті. Ол бүгінгі таңда еліміздегі конфессиялардың рухани құндылықтарын дамыту, сондай-ақ, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің қажеттілігін жеткізді. Бұл ретте жоба жүктейтін негізгі міндеттің бірі – қоғамды діни экстремизмге қарсы күрес, деструктивті діни секталарға тойтарыс беру ісіне қоғамның назарын бұру.

Осындай келелі кездесудің бірінде «Ұлы мұра» қорының директоры, теолог-заңгер Тимур Нүсіпханов салафизм деген қандай ағым, ұлттық салт-дәстүрлерді қалай сақтау керек, радикалды ағымдардан жастарды қалай қорғаймыз, ұлтаралық келісімді сақтау мен тұрақтылықты нығайтудың жолдары қандай деген маңызды мәселелерге жауап берді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында кітап көрмелері, халықтың тарихи-мәдени мұраларын насихаттауға арналған концерттік бағдарламалар мен театрлық қойылымдар көрсетілді.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 67 рет
JoomShaper
Top