Жат ағымға ергендер арасында спорт чемпиондары бар

Сейсенбі, 10.10.2017
Жат ағымға ергендер арасында спорт чемпиондары бар

Астана. 10 қазан. KAZISLAM –  Дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар арасында білімі төмен адамдармен қатар жоғары білімді азаматтар, сондай-ақ әртүрлі спорт түрлерінен чемпион болғандары да бар. Бұл туралы «Шаңырақ» діни оңалту орталығы жетекшісі Мирхат Мадияров хабарлады.

«Дәстүрлі емес діни ағым ықпалына әртүрлі адамдар түседі. Бұл қатарда оқуда озат болған, жоғары оқу орнын «қызылға» бітіргендер, сондай-ақ, маскүнем немесе есірткіге әуес адамдар да бар. Негізінен білімі аз, яғни орта мектепті орташа аяқтаған жастар көп. Сол себепті бұл адамдар өздерінің «діни білімін» тексеріп, дұрыстығына көз жеткізе алмайды. Жат ағымға ергендер қатарында бокс пен күрес спорттары бойынша белгілі чемпиондар да бар. Оларды өз қатарына тартушылар мұны «жарнама» мақсатына, адамдарын көбейту үшін жасайды. Шындығында, бұл чемпиондар өздері кімнің қолшоқпары болып жүргендерін түсінбейді» дейді орталық басшысы.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 2425 рет
JoomShaper
Top