Оксфорд Мьянма көсеміне берген марапатты қайтып алды

Дүйсенбі, 09.10.2017
Оксфорд Мьянма көсеміне берген марапатты қайтып алды

Астана. 7 қазан. KAZISLAM –  Мьянма мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи өзі білім алған Оксфордтағы адам құқықтары саласындағы марапатынан айырылды.

Оксфорд қалалық кеңесі бирмалық саясаткерді марапаттан айыруға бірауыздан дауыс берді. Бұл шешім аталмыш оқу орнында білім алған Мьянма басшысының мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттерге көз жұма қарауы Оксфорд беделіне нұқсан келтіреді деген себеппен қабылданған.

Айта кету керек, тамыз айының соңында Мьянмадан Бангладешке 500 мыңнан аса рохинджалық мұсылман қашып шыққан. Адам құқықтары саласында белсенділігімен белгілі Мьянма көсемі Су Чжи осы мәселеге немқұрайлы қарауына байланысты қатаң сынға ұшырады.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 985 рет
JoomShaper
Top