Сирия үкіметінің делегациясы Астанаға келді

Сәрсенбі, 13.09.2017
Сирия үкіметінің делегациясы Астанаға келді

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Сирия үкіметінің делегациясы Астанаға Сирия бейбіт келіссөзіне қатысуға келді деп хабарлады сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«Делегацияны әдеттегідей Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари бастап келді. Ертең процеске қатысатын басқа да делегациялармен келіссөз өтеді деп жоспарланған. Сирия қарулы оппозициясы делегациясы да келіссөзге келеді деп отырмыз», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігі Сирия қақтығысын реттеу жөніндегі бейбіт келіссөздің алтыншы кезеңі Астанада 14-15 қыркүйекте өтетінін хабарлаған болатын. Келіссөзден бір күн бұрын, 13 қыркүйекте гарант елдер - Ресей, Түркия мен Иранның бірлескен жұмысшы тобының отырысы өтпек.

Гарант елдердің ақпаратына қарағанда, алдағы келіссөзде деэскалация аймақтарын бақылайтын күштердің қызметін реттейтін құжаттар қарастырылып, Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында төртінші деэскалация аймағын құру мәселесі талқыланбақ.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 37 рет
JoomShaper
Top