Жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру мәселесі қаралды

Сәрсенбі, 13.09.2017
Жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру мәселесі қаралды

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Алматы орталық мешітінде қала имамдарына арналған бір күндік семинар өтті, деп хабарлайды muftyat.kz. Семинардың мақсаты - ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру.

Семинарда бас имам Нұрбек қажы Ауесханұлы сөз сөйлеп, барлық жерде аталмыш рәсімнің бірдей өтуінің пайдасын атап өтті.

Жиналған имамдарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы ұстаз дәріс оқыды. Дәріс бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы бойынша жүргізілді.

Сонымен қатар имамдар «Рухани жаңару» орталығының директоры Алмас Бекболатұлының «Шешендік өнер» дәрісін де тыңдады.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 104 рет
JoomShaper
Top