Сарапшылар: Астана процесін бірегей деп атауға болады

Сәрсенбі, 13.09.2017
Сарапшылар: Астана процесін бірегей деп атауға болады

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Ертең елордада Астана процесінің кезекті раунды басталады. Ресейлік сарапшылар бұған үлкен үміт артып отыр, деп жазады 24.kz.

Саясаттанушылардың пікірінше, келіссөз процесін тиімді ұйымдастыру арқасында Астана сириялық дағдарысты саяси жолмен реттеуде ең табысты алаңға айналған.  

РҒА ШИ араб пен ислам елдерін зерттеу орталығының сарапшысы Борис Долгов: «Астанада өткізіліп жүрген келіссөздер Сириядағы қантөгісті азайтуға септігін тигізгені даусыз. Бұл процестегі Қазақстанның алатын орны зор. Келіссөздер өтетін алаң беріп, қажеттінің бәрімен қамтып жүр» десе, «Бүгінгі Иран» басылымының бас редакторы Никита Смагин: «Ең алдымен келіссөздер өтетін алаңның өзі маңызды. Себебі алғаш рет осы келіссөздерге Иранның қатысуына жол ашылды, осы тұрғыдан Астана процесін бірегей деп атауға болады», деген пікір білдіруде.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 52 рет
JoomShaper
Top