Әлемдегі ең бейбіт орын

Сәрсенбі, 13.09.2017
Әлемдегі ең бейбіт орын

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Әлемдегі ең бейбіт қала Түрік елінен табылды. Ғалымдардың айту бойынша Кония аумағында орналасқан Чатал-Хеюк қонысында қазба жұмыстары кезінде белгілі болғандай соңғы 4000 жылдықта ешқандай әскери қозғалыс болмаған.

Бұл адамзат тарихында ең көне қоныс болып табылатын Чатал-Хеюк ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген, - деп жазады islam.ru.

«Чатал-Хеюкта халық тұрақтылығымен ерекшеленген. Олар 4000 жыл бойы ешбір кикілжіңсіз өмір сүрген. Бұл қазіргі кезде ешбір кикілжіңсіз ұзақ уақыт бойы өмір сүрудің тамаша үлгісі» - дейді британ археологы, Стэнфорд университетінің профессоры Иен Ходдер.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 51 рет
JoomShaper
Top