ИЫҰ бас хатшысы: Қазақстанның Ислам әлеміндегі беделі зор

Сәрсенбі, 13.09.2017
ИЫҰ бас хатшысы: Қазақстанның Ислам әлеміндегі беделі зор

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Қазақстанның ислам әлеміндегі беделі зор. Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында ұйымның бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Қазақстан Президентіне саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. «Қазақстанның ислам әлеміндегі беделі зор. Бүгінгі саммитке келген барлық делегация өкілдерінің атынан Сізге және Қазақстан халқына қонақжайлық көрсетіп, іс-шараны жоғары деңгейде өткізгендеріңіз үшін алғыс айтамын» деді бас хатшы.

Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті алғаш рет өткізіліп отырғанына  тоқталды. «Мұны тарихи оқиға деп зор сеніммен айтуға болады. 57 ислам елінің өкілдері ғылым мен технология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін бас қосты. Біз ұлы дініміздің жаңа қырларын аша түсеміз деп үміттенемін. Өкінішке қарай, террористік ұйымдар әлемдегі исламның беделіне нұқсан келтіруде» деді Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы.

Ұйым басшысы ислам елдерінің халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде ортақ ұстаным қалыптастыруға және исламдық емес ұйымдармен сындарлы ынтымақтасуға бағытталған Ұйымның алдағы жұмыс жоспары туралы ой бөлісті.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 47 рет
JoomShaper
Top