Қажылық туралы екі фильм жарық көрді (ВИДЕО)

Сәрсенбі, 13.09.2017
Қажылық туралы екі фильм жарық көрді (ВИДЕО)

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Сауд Арабиясы мұсылман қауымының ұлық парыздарының бірі – қажылық туралы қысқаметражды екі фильм әзірледі.

Фильм түсірілімі мұрагер ханзада Мұхаммед Бен Салман жетекшілігімен әрі MiSK қорының қолдауымен жүргізілді. Фильмнің жүзеге асырылуы үлкен табыстар мен жемістерге жол ашады, деп жазады Arab News.

Бірінші фильм «Егер сен қай барарыңды білмесең, Баккаға бар» деп аталады. Бакка – Мекке қаласының көне атауы. Фильм желісі қажының Мекке қаласына келген кезден бастап барлық діни рәсімді орындап аяқтауына дейін көрсетеді. Түсірілім жұмысына 14 жас жігіт қатысты.


«Қасиетті сезін» деп аталатын екінші фильм ислам әлемінде үлкен маңызы бар қасиетті орындарды аралаған кезде қажылық етуші адамның басынан өтетін, жүрегі сезінетін жағдайларды көрсетеді.


 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 179 рет
JoomShaper
Top