Ердоған террористерге тосқауыл қоюды ұсынды

Сәрсенбі, 13.09.2017
Ердоған террористерге тосқауыл қоюды ұсынды

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Астана қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар бойынша бірінші саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған киберқылмыстарға қарсы күресті күшейтуге шақырды.

Түркия басшысының айтуынша, соңғы жылдары террористер интернет желілерін өз мақсаттарында, өз топтарына адам тартудан бастап қаржы жию, террористік актілер ұйымдастыру әрекеттеріне дейін белсенді қолданып келеді. «Сондықтан халықаралық қауымдастықтар бірінші кезекте мұсылман елдері интернет кеңістігіндегі киберқылмыстарға заңдық тұрғыдан да, техникалық жағынан да тосқауыл қоятын қатаң шаралар қабылдауы қажет» дейді Түркия президенті Р.Ердоған.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 80 рет
JoomShaper
Top