Таяу Шығыстың өркениетті қаласы анықталды

Сәрсенбі, 13.09.2017
Таяу Шығыстың өркениетті қаласы анықталды

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Испанияның Наварра университеті жанындағы IESE Business School әлемдік бизнес-мектебі сарапшыларының бірі Cities in Motion («Өркендеуші қалалар») рейтингін жасады.

Индекс ғаламдық ірі қалалардың даму тетіктері, атап айтқанда экономикасы, билігі, адам капиталы, технологиясы, қоршаған ортасы, халықаралық ақпараттық қызметі, әлеуметтік тұтастығы, мобильділік және көлік қатынасы, қалалық жоспары мен мемлекеттік басқару үлгілері бойынша құрылды.

Аталған талаптарға сәйкес, тізімге әлемнің 80 мемлекетінен 180 қала, оның ішінде 73 Астана енді. Таяу Шығыста бірінші орын БАӘ астанасы Абу-Даби қаласына берілген.

Рейтинг авторларының пікірінше, Абу-Даби қаласы сандық технология саласын табысты қолдануымен ел орталығын инновация, жаңа бастамалар мен нәтижелі шешімдер саласында көшбасшы етіп келеді.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 89 рет
JoomShaper
Top