«Қазақстандағы ислам мәдениеті» монографиясы жарық көрді (ФОТО)

Сәрсенбі, 13.09.2017
«Қазақстандағы ислам мәдениеті» монографиясы жарық көрді (ФОТО)

Астана. 13 қыркүйек. KAZISLAM – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапxанасында «Қазақстандағы ислам мәдениеті (Науан Хазрет, Момақан Әлиев)» атты (авторлары: Берікбол Жанақ және Бекболат Әділбек) монографиялық туындының таныстырылымы өтті.

Қазіргі уақытта қазақ даласында аласапыран қиын-қыстау күндері болған елеулі тарихи оқиғалар мен сол оқиғаларда жетекші рөл атқарған тарихи тұлғалардың есімі назардан тыс қалып келеді. Сондықтан, ұмыт болған құнды дүниелерді жаңғырту – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Бұл қатарда Қазақстанның тарихы, діні, дәстүрі мен мәдениеті, қоғамдық-саяси жағдайы, қайраткерлердің өмірі мен атқарған қызметтері жөнінде ғылыми-зерттеулер жасау аса қажетті дүние.

«Қазақстандағы ислам мәдениеті» атты монографиялық еңбек осы тұрғыда орасан зор маңызға ие. Ғылыми еңбекте Қазақстанның рухани-мәдени тарихындағы терең тани түспеген тұлғалар халық жадында Науан Хазірет аталған Наурыз-Мұхаммед Таласов пен Көкшетау өңірінде өмір сүрген Кеңестік кезеңде Қазақстан қазисы Сәдуақас Ғылманидің орынбасары болып қызмет атқарған Момақан Әлиевтің өмір жолына, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық-саяси жүйедегі ықпалы мен маңызына шолу жасалып, ғылыми зерттеу жүргізілген. Еңбекте отаршыл билік тұсында дінге және дін қызметкерлеріне жасалған демонизациялау (күйе жағу) саясаты да қамтылған.

Кітап исламтану, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және тарих саласындағы ғылыми ізденушілерге және оқырман қауымға арналған.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 89 рет
JoomShaper
Top