Ердоған Мьянма басшысымен сөйлесті

Жұма, 08.09.2017
Ердоған Мьянма басшысымен сөйлесті

Астана. 8 қыркүйек. KAZISLAM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мьянма республикасының басшысы Аун Сан Су Куиге мьянмарлық әскер мен буддистік радикалдар тарапынан рохиньялық мұсылмандарға қарсы геноцидті тоқтатуға қол жеткізу үшін арнайы қоңырау шалып, сөйлесті.

Түркия президенті Мьянма басшысына бұл жағдайға нүкте қойылмаса соғыс оты елді түгел шарпып, көршілес елдерге жайылуы мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар, Ердоған халықаралық бақылаушылардың қадағалауымен әскери қимыл жүріп отырған аймақтардан босқындардың аман-есен шығуы үшін кепілді дәліздер жасауды ұсынды. Түркия тарапы Мьянмада орын алған оқиғаларға байланысты Ислам ынтымақтастығы ұйымы жиналысын өткізуге, сондай-ақ, рохиньялықтардың көптеп қоныс аударған Бангладештің шығындарын өтеуге шақырды.

Түркия президентінен кейін Мьянма билігіне Пәкістан мен Индонезия елдері де осындай үндеу тастады. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 568 рет
JoomShaper
Top