Діни бірлестіктер жетекшілері клубының отырысы өтті

Сенбі, 12.08.2017
Діни бірлестіктер жетекшілері клубының отырысы өтті

Астана. 12 тамыз. KAZISLAM – Алматы облысының дін істері басқармасы және Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының отырысы өтті.

Жиын Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған  тұжырымдамасын талқылау мақсатында қолға алынған.

Сонымен қатар, клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді  ұстанушылар арасында конфессияаралық  және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және  нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жолдарымен ой бөлісу және іске асыруға  ат салысу.

Отырыста Қазақстандағы діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас сұрақтары, сондай-ақ дінаралық диалог пен келісімді сақтау және  нығайту  мәселелері талқыланды.

Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ардагерлер ұйымының төрағасы, басқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері, Казақстан халқы Ассамблеясы  өкілі,  Жастар  саясаты  мәселелері  басқармасының  өкілі, өңір дінтанушылары қатысты. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 55 рет

Қажылық анықтамалығы

JoomShaper
Top