Түркия шекараны бұзуға жол бермейді

Сенбі, 12.08.2017
Түркия шекараны бұзуға жол бермейді

Астана. 12 тамыз. KAZISLAM – Түркия өз шекараларынан жалған мемлекеттерді құруға жол бермейді, әсіресе, Сирия мен Ирак шекаралары аса қатаң бақылауда болады, деп мәлімдеді премьер-министр Бинали Йыылдырым.

Министрдің айтуынша, Анкара тиісті елдермен осы мәселелерді талқылауда. «Ешбір шарттарға қарамастан, Түркия өз мүддесі мен қауіпсіздігі үшін қажетті шарттарды қабылдайды» деп атап өтті түрік премьері.

Үкімет басшысы соңғы уақытта Сирияның солтүстігінде орын алған оқиғаларға тоқталды. «Сирияның Идлиб территорияларын радикалды топтар басып алғаны белгілі. Сондықтан, гуманитарлық жағдайлар мен Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерлерді алдын алу үшін шешімдер қабылдау үшін қорытынды жасалды» деп хабарлады Йыдырым.

Премьер-министр Түркия билігі Хатай провинциясындағы Сирия шекарасының 150 шақырым аумағына бекініс орнату туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 63 рет
JoomShaper
Top