Әзірбайжан қажылары дайындық курсынан өтті

Сенбі, 12.08.2017
Әзірбайжан қажылары дайындық курсынан өтті

Астана. 12 тамыз. KAZISLAM – Әзірбайжан республикасында қажыларға арналған дайындық курстары жүргізілуде, деп хабарлайды SalamNews ақпарат агенттігі.

Кавказ мұсылмандары діни басқармасының Халықаралық байланыс бөлімінің жетекші маманы Гаджи Бахтияр Наджафовтің мәліметінше, бүгінгі күнде 600 адам қажылық курсынан өткен. Жалпы, биылғы қажылыққа 900 әзірбайжандық азамат барады.

Дайындық курсы келесі аптаға дейін созылады. Діни басқарма биылғы қажылыққа баруға өтініш білдірген қажылардан тұратын 24 топ құрылғанын мәлімдеді. Оларға құрамында бес дәрігері бар медициналық бригада қызмет көрсетпек. Әзірбайжаннан алғашқы топ 24 тамыз күні, келесі топ 25-26 тамыз күндері сапарға шығады. Қажылардың елге оралуы 12-14 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайларға байланысты әзірбайжандық қажылар Сауд Арабиясына тек әуе жолдары арқылы барады. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 39 рет

Қажылық анықтамалығы

JoomShaper
Top